Публикации в СМИ

БІЛІМ САЛАСЫНА ЖҮЙЕЛІ ӨЗГЕРІСТЕР КЕРЕК

Нұрмұхаммед Досыбаев – Кембридж университетінің түлегі, жас кәсіпкер, білім беру саласына ақпараттық технологияларды енгізу жөніндегі сарапшы. Халықаралық деңгейдегі білім жүйесін қазақ баласына қолжетімді ету, мемлекеттік мектептерге жаңашыл өзгерістер әкелу, білім жүйесінің кезек күттірмейтін мәселелеріне құзырлы органдардың назарын аудару жолында еңбек етіп жүрген азамат «Айқынға» ағынан жарыла айтқан әңгімесінде өмірін мамандығымен қалай байланыстырғанына, жекеменшік мектептерден жетістікке жеткен оқушылар неге көп шығатынына тоқталып, рейтингтен бас тарту қажеттігі мен сапасыз кадрлар туралы ой қозғады.

Білім саласына қалай келдім?

Педагог мамандардың отбасында тәрбиелендім. Атам физик-матема тик, әжем орыс тілі мұғалі мі болған. Анам – медицина ғылымдарының докторы, әкем – орыс тілі маманы, аудармашы. Негізгі орта білімді қазақ-түрік лицейінде алып, Тараз педагогикалық университетіне түстім.

ӨМІРЛІК МАМАНДЫҒЫМДЫ БІЛІМ САЛАСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫРУЫМА ЛИЦЕЙДЕГІ ҰСТАЗДАРЫМ ЫҚПАЛ ЕТТІ. ОЛАРҒА ҚАРАП, «МҰҒАЛІМ ЕШҚАШАН ШАР ШАМАЙДЫ, КӨҢІЛДІ ЖҮРЕДІ» ДЕП ОЙЛАДЫҚ. ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЛИЦЕЙІНДЕГІ ЖҮЙЕ СОЛ ҚАБЫРҒАДАН ӘРІ АСПАЙТЫНЫН БІЛГЕН ЖОҚПЫЗ.

Білім беру мекемелеріндегі жүйеден университетке келген алғашқы күні-ақ көңілім қалды. Университет әкімшілігінің саған бала сияқты қарауы, «мұғалімнің айтқаны заң» деп, оның ойын жоғары қоятын иерархиялық жүйе мен үшін үлкен жаңалық болды. Лицейде мұғаліммен арамызда кедер гі, бір-бірімізден алыстататын қабырғалар болмайтын. Директор өзіне келген оқушыларға кабине тін де шай беретін. Бірнеше жыл өміріңді осындай ортада өткізгеннен кейін мектептің сыртындағы әлем де дәл сондай деп ойлайсың. Өзге лер ден ұқсас қарым-қатынас күте сің. Осылай өзімді мазалаған сауал дарға жауап іздеп жүріп, «Басқа бүлдіршіндер білім алатын меке ме лер ді өзіміз өскен еркін ортаға қалай айналдыруға болады?» деген ізденіс пайда болды.

Бір мұғалімнің оншақты бастығы бар

Кейін осы мәселені зерттей келе, «Неге мұғалімдер оқушылармен мұндай формада сөйлеседі? Себебі, оларға директор солай қарайды. Ал директор дәл осындай қарым-қатынас тәсілін өзінен жоғары бас шы лардан көреді» деген қоры тын дыға келдік. Қарым-қатынасты өзгер ту үшін бастықты азайту керек. Бір мұғалімнің үстінде оншақты бастық бар. Мектептер тікелей министрлікке бағынса, арадағы көп басшы азаяр еді. Білім мекемесінің құрылтайшысы жергілікті атқару шы орган емес, тәуелсіз ұйым немесе қор болса да осындай өзге рістерге қол жеткізу мүмкіндігі бар. Мысалы, жекеменшік мектеп терде мұғалімдердің бастығы – директор ғана. Сондықтан жеке меншік білім ордаларынан, Назарбаев, Республикалық физика-математика мектептері мен қазақ-түрік лицейлерінен тұлғалық даму тұрғысынан көбірек жетістікке жететін оқушылар шығады. Өйт кені олардың өзінше бір авто номиясы бар. Иә, олар Үкімет бекіт кен талаптарға сай жұмыс істейді, бірақ шешім қабылдау процесіне әсер ететін басшы аз. Жай мектептерде осындай жетекшілердің көптігінен сайлауға да, жиындарға да, парақша таратуға да, көрермен қатарын толықтыруға да мұғалімдер жұмсалады.

АУЫЛДАҒЫ МЕКТЕП ЖЕРГІЛІКТІ ӘКІМДІККЕ, ОЛ АУДАНҒА, АУДАН ОБЛЫСҚА ҚАРАЙДЫ. БІР МҰҒАЛІМНІҢ БАСЫНА ҚАНША БАСТЫҚ БИЛІК ЖҮРГІЗІП ОТЫРҒАНЫН БАЙҚАҒАН ШЫҒАРСЫЗ?

Тәуелсіздік тұлғаларын тәрбиелейміз десек, мұғалімдердің өзін тұлға етіп қалыптастыру керек. Олардан тұлға жасау үшін тәуелділігін тоқтату керек. Қазір мұғалімдер қорқақ болып кеткен. Сол қорқақ мінезден арылмасақ, бағадан, көрсеткіштен жасқанатын, сенімсіз балалар өсіреміз. Керісінше, батыл болсақ, елдің дамуына еселеп үлес қосатын азаматтар легін тәрбиелеуге жол ашылады. Себебі, адами қарым-қатынас болған білім ұясында ғана тұлғалық қалыптасуға орын бар.

Бізде рейтингті жазалау үшін қолданады

Білім мекемелеріне рейтинг жасау керек пе? Осы сұрақтың жауа бын табу үшін Финляндияға бардық. Оларда рейтинг жоқ. «Жүйенің мына тұсы ақсап тұр, қатарға қосу үшін қайтсе болады?» деген ішкі талдау ғана бар. Ал бізде рейтингті жазалау үшін қолданады. Мұғалімдер мен оқушыларды «Сен төменгі орындасың, саған сөгіс жариялаймыз, жазаға тартамыз!» деп қорқытамыз. Рейтинг те пышақтың мысалына ұқсас нәрсе. Жақсы не жаман мақсатта қатар пайдалануға бола ды. Мектеп философиясы – тиімді өзгерістерді енгізу мақса тын да үнемі даму болуы қажет.

БІЛІМ САЛАСЫНА САПАСЫЗ КАДРЛАР КЕЛІП ЖАТЫР. ӨЙТКЕНІ МҰҒАЛІМДІК ЕҢ ҚОЛЖЕТІМДІ МАМАНДЫҚҚА АЙНАЛДЫ. ТАЛАПКЕРЛЕР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҒЫТТА ҒЫ МАМАНДЫҚҚА 50-60 БАЛМЕН ОҚУҒА ҚАБЫЛДАНАДЫ. «ҚОЛҒА ӘЙТЕУІР БІР ДИПЛОМ КЕРЕК» ДЕГЕНДЕР ДЕ МҰҒАЛІМНІҢ ОҚУЫН ОҚИДЫ. ФИНЛЯНДИЯДА БҰЛ МАМАНДЫҚ ҮШІН БІР ОРЫНҒА 20 АДАМ ТАЛАСАДЫ. ОСЫДАН БІЗДІҢ МЕМЛЕКЕТ НЕГЕ РЕЙТИНГ ЖАСАУҒА ЫНТАЛЫ ЕКЕНІН ТҮСІНУГЕ БОЛАДЫ. САПАСЫ ТӨМЕН КАДРЛАРҒА СЕНІМ ЖОҚ. СОНДЫҚТАН ТЕКСЕРІС ПЕН КӨРСЕТКІШТЕРДЕН КӨЗ АШПАЙМЫЗ.

Мұны жөндеу үшін пединституттарды реттеу керек. Ол үшін ондағы оқытушылардың сапасын арттыру керек. Білімді, қабілеті жақсы балалар білім саласына бет бұрсын десек, мұға лім нің мәртебесін өсіріп, жалақысы мен жағдайын жоғары деңгейге жеткізу маңызды. Кез келген мемлекет білім беру, денсау лық сақтау және мемлекеттік қызмет деп аталатын үш жүйенің үстінде құрылады. Сок рат «Үш мамандық (дәрігер, мұғалім, мемлекеттік қызметкер) Құдайдан беріледі, қалғандары адамнан» деген. Осы аталған үшеуіне ақша, билік пен байлық үшін емес, жүрек қалауымен бару керек деп ойлаймын. Сондықтан аталған кәсіп иелері тұрмыста тарлық көрмес үшін жақсы жағдай жасап, бұл мамандықтарға талапты күшейту арқылы қолжетімсіз ету қажет. Үндістанда адамдар дәрігер болу үшін өліп-тіріледі. Бізде колледж бітіріп те мұғалім не дәрігер атану қиын емес. Отандық білім саласына осындай көп жүйелі өзгерістер керек.

Кембриджге қалай түстім?

Үшінші курстан бастап, білім беру саласындағы ақпараттық техно логиялардың қолданысын зерттедім. Дипломдық жұмысымды осы тақырыпта жаздым. Лондон қаласындағы Apple компаниясының кеңсесіне біліктілік арттыру курс та рына барып қайттым. Тараз дағы өзім бітірген қазақ-түрік лицейіндегі, Қостанайдағы дарын мектебі мен білім беру орталықтарындағы жұ мыс тәжірибесінен кейін «Өрлеу» біліктілікті арттыру курс тарын да аудармашы болып жүрге нім де, Ұлыбританиядан келген Хелен Бредфорт есімді азаматпен таныс тым. Кембриджде білім алу тура лы ой бұрыннан болатын. Осы университетте еңбек ететін про фессорды кезіктірген соң, арма ныма қанат бітіп, өзімді қызық тырған сұрақтарға жауап алдым. Қызу дайындыққа кірісіп, «Бола шақ» стипендиясының иеге рі атандым. Құжатты тек бір уни верситетке ғана тапсырғам. Сол Кембриджден шақырту алдым. Магистрлік диссертациямды «Қазақ станның білім саласына ақпа раттық технологияларды енгізу» тақырыбында қорғадым. Оқуым ды аяқтайтын жылы док то рантураға құжат тапсырып, қабыл дан ғаныммен, қаржы көзін табу қиынға соқты. Шымкент қаласы әкімінің алдына қолдау сұрай барғанымда, білім саласында еңбек етуге ұсыныс алдым. Осылай 24 жасымда мемлекеттік қызметкер атанып, қаладағы 130 мектептің оқу және тәрбие жұмыстарына жауапты болдым. Бір жылдың ішінде жемқорлықты жоюға арналған, мұғалімдерді жұмысқа қабылдау, балаларды бірінші сыныпқа тір кеу процесіне жұмыс істейтін ақпа раттық бағдарламаларды енгіз дік. Өзім жетекшілік еткен жобаларды сәтті аяқтаған соң, қызметімнің мақ сатымды орындауға толық мүмкіндіктер ұсына алмайтынын біліп, жеке секторға кеттім.

БІР ҚАЛА ДЕҢГЕЙІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕГІМ КЕЛ СЕ, ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛЫП, БАСТАҒАН ЖАҢА ШЫЛ ОЙЛАРЫМДЫ ЖАЛҒАСТЫРУҒА БОЛАР ЕДІ. БІРАҚ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢ ҒЫРУ МЕН ОҢ ӨЗГЕРІСТЕРДІ БҮКІЛ ҚА ЗАҚСТАН ДЕҢГЕЙІНДЕ ЖҮРГІЗГІМ КЕЛДІ.

Жеке кәсіпкер білім жүйесін қалай өзгертеді?

Қазақстанда 21 орталығы бар U:study компаниясының негізін салушы Жанат Рахмани деген мырзамен өмірлік ұстанымдарымыз ұқсас болғаннан кейін, бірігуге, серіктестікке бел буып, Central Asian Garden Schools компаниясын аштық. Басқарушы компания бірнеше бағыт та жұмыс істейді. Соның бірі – Astana Garden School жеке мен шік мектебі. 10-11 сынып қа арналған екі жылдық оқу бағдарламасы арқы лы білім мекемесі оқушыларды әлем нің үздік 100 университетіне түсу ге дайындайды. Мақсатымыз – ха лық аралық деңгейдегі білімді қолжетімді ету. Қазақ стан дағы Haileybury, QSI мектептерінде мұндай білім 10 миллион теңгеге жуық тұрады. Соның өзінде ол жерді бітірген балалар әлемнің үздік уни вер ситеттеріне түседі деген нәрсе жоқ. Біз сол тенденцияға ықпал еткіміз келеді.

Компания алдына қойған басқа міндеттердің қатарында білім саласы топ менеджерлерінің біліктілігін халықаралық деңгейде арттыру да бар. Жаз айында басқарма басшы лары, колледж бен мектеп директорлары, республикалық орталық жетекшілері – 28 адамнан тұратын делегация болып, Финлян дияға барып қайттық. Оған дейін Польша, Эстония, Германия, Үндіс тан елдеріндегі тәжірибемен таныс қан болатынбыз. Одан бөлек, білім мекемелерін жетілдіру жобамыз бар. Астана қаласындағы №54 мектеп директоры қызметіне Назарбаев университетінің түлегі Шәкәрім Сейсенбай тағайындалып, біз оның бастамаларына қолдау білдіруге кірістік. Қазір білім ордасын жай мектептің қатарынан ең алдыңғы қатарлы оқу орнына айналдыруға, оның тәжірибесін басқа мекемелерге таратуға күш салып жатырмыз. Осы арқылы қарапайым, мемлекеттік мектептер де жекеменшік тәуел сіз сектордың қатысуымен халық а ра лық деңгейге сай жұмыс істей ала ты нын дәлелдегіміз келеді.

Дүниежүзілік банктен қаржы көзін тарту арқылы арнаулы мек теп тер мен жалпыға бірдей білім беретін мекемелердің айыр ма шы лығы туралы зерттеу жүргізуге дайындалып жатырмыз. Зерттеу жұмысы екі түрлі мектептің білім сапасы, олардың арасындағы айыр ма шылықтар мен оларға ықпал ете тін факторларды анықтауға бағыт талған. Мақсатымыз – қара па йым мектептерді жетілдіру бойын ша ұсыныстар әзірлеу, әсіресе, оның деңгейін көтерудегі қаржы лан дырудың маңызын түсіндіру.

БІЛІМ САЛАСЫНА ҚАШАНДА ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ КЕРЕК. ЖҮЙЕГЕ ҚАРЖЫ КӨП ҚҰЙЫЛҒАН САЙЫН, ОЛ ЖАНДАНА БЕРЕДІ. ҚАЗІР ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ӨТЕ АЗ. МЕМЛЕКЕТКЕ ТӘУЕЛСІЗ СЕКТОР РЕТІНДЕ БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ ТУРАЛЫ ҮНЕМІ ҰСЫНЫС ЖАСАП КЕЛЕМІЗ.

Мемлекет назарына іліккен бір ұсынысымыз 10-11 сынып оқу шы ларының оқу жүктемесін азай туға байланысты болды. Бұрын бала лар 17-19 пән оқыса, енді Білім және ғылым министрлігі шығарған жаңа бұйрыққа сәйкес, сабақтар саны қысқарады.

Үзік ойлар, қызық ойлар…

- Бізде білім жүйесі адамды шар шатады, сондықтан адам ұзақ оқы ғысы келмейді. Оқушы өз маман дығына қатысты пәндерді оқыса, бағдарлама жеңілдетілген болса, 12 жылдық оқу жүйесіне ешкім қарсы болмас еді. Бұл халықаралық тәжірибе. Кей елдерде балалар 13 жылға дейін оқиды.

- Беделді университет түлектері мектеп басшылығына келіп, тың бастамалар мен өзгерістер легін бастаса, жақсы болар еді. Өйткені қазақ стандық білім беру жүйесінде жаңа фор маттағы басшыларға мұқтаждық бар.

- Тағы бір мәселе, мұғалімдер қатарында әйелдердің көптігімен және жастардың аздығымен байланысты. Білім жүйесінде жұмыс істейтіндердің 90 пайызы – әйелдер. Қазір қазақстандық білім беру ісін дегі орта жас – 50. Енді бір он жыл дан кейін зейнетке шығатын ұстаздардың орнын басатын білік ті жас педагогтар тапшылығы баста ла ды.

- Цифрландыру туралы сөз қозғағанда келесі сұрақтар еріксіз туындайды: «Мұғалімнің кабинеті бар ма?», «Мұғалімдер бөлмесі бар ма?», «Ска нер, принтерді қанша адам ор тақ пайдаланады?», «Балалардың қо лында гаджет бар ма?». Барлық сұрақ қа «жоқ» деген жауап ала мыз. Ақпараттандыру деп айту үшін, алдымен ақпараттық технологияларды дайындап алу керек.
Публикации в СМИ